Үкіметтік емес ұйымдарға арналған байқау басталды (видео)

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған байқау басталды (видео)

1 шілдеде үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру үшін жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.

ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру ұйым-бірлестіктердің әлеуетін нығайту, қоғамға пайдалы жобаларды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсету үшін қолға алынған бастама.

Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 бағыт бойынша беріледі. Бір бағытқа арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК-ке тең.

Айта кетсек, соңғы 6 жылда 341 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлестерін көрсетіп, сыйлықақы иегері атанған.

Егер сіздің ҮЕҰ қоғам өміріне белсенді қатысып, өз қызметі саласында көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге түбегейлі үлес қосып, жаңашыл идеяларды белсенді іске асырса, үздік ҮЕҰ арасында өтетін конкурсқа қатысуға толық мүмкіндігіңіз бар.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 1 қыркүйекте (қоса алғанда) сағат 18:30-да (Астана қаласы уақытымен) аяқталады.

Байқауға қатысу шарттары туралы толығырақ мына сілтемеден білуге болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/489301?lang=ru

Жаңалықтармен бөлісу