Енді азаматтар дәрігер қабылдауына өз бетінше алдын ала жазыла алады. Егер бұған дейін қабылдау кестелері негізінен екі аптаға ашылса, қазір 60 күнге дейін алдын ала жазылу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Бұл – пациенттің дәрігерге бару уақытын өзі жоспарлауына мүмкіндік беретін маңызды өзгеріс.
Учаскелік дәрігерлердің пациент қабылдауға арналған жұмыс уақыты күніне 4 сағаттан 6 сағатқа дейін ұлғайтылды.
Соның нәтижесінде учаскелік дәрігердің қабылдауын күту мерзімі орта есеппен 5–7 күннен 1–3 күнге дейін қысқарды.
Нәтижесінде жалпы практика дәрігерлеріне өз бетінше жазылу үлесі 20%-дан 72,5%-ға, ал бейінді мамандарға жазылу көрсеткіші 4%-дан 66,1%-ға дейін өсті.
Яғни азаматтардың медициналық көмекке жүгінуі үшін бірнеше күн немесе апта күту қажеттілігі біртіндеп азайып келеді.
