Амангелді ауданында білім саласын қаржыландыру арта түсті

Амангелді ауданында білім саласын қаржыландыру арта түсті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім сапасын арттыруға, педагог мәртебесін көтеруге және жас ұрпақтың жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Осы бағытта Амангелді ауданында да білім беру саласын дамытуға басымдық беріліп, нақты әрі жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.

Мәселен, өткен оқу жылында ауданның білім беру саласына 5,1 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш 5,595 млрд теңгеге жеткен. Бұл қаражат білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқушылар мен педагогтер үшін қауіпсіз әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталуда. Атап айтқанда, жалпы құны 24,375 млн теңге болатын екі биология кабинеті толық жабдықталды.blank

  «Заманауи кабинеттер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруына, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамытуына кең жол ашады», – дейді ұстаздар қауымы.

blankАуданда білім күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ел ағалары білімге құштар жас буынның қадамдарына сәттілік тіледі.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ