Қазіргі уақытта Торғай ауылындағы «Балдырған» балабақшасына 300 млн-нан астам теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аудандық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне және асхана ғимаратына күрделі құрылыс үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл туралы Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов журналистерге өңірлік коммуникация орталығында айтып берді.
– Медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін аудан орталығында 16 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілетін болады, қажетті конкурстық рәсімдері өткізілді, Түркістан облысынан «ГрадСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен 306,7 млн. теңгеге келісім-шарт жасалып, жұмыстар басталды,- деп атап өтті Шота Оспанов.
Биыл негізгі мектеп, балалар өнер мектебі, жасөспірімдер спорт мектебі, шағын орталық жөндеуден өтпек. Бұларға бөлінетін жалпы сома 154,6 млн. Теңге көлемінде.