Halyk Bank балаларға қолдау көрсетті

Halyk Bank балаларға қолдау көрсетті

Бүгін Halyk Bank қолдауымен мектеп табалдырығын алғаш аттайтын тағы 150 балаға кеңсе керек-жарақтары бар мектеп сөмкелері берілді.  Басшысының орынбасары Ермек Күзенбаев балаларды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, сәттілік пен толағай табыс тіледі.

«Бұл мектеп сөмкесіндегі оқу құралдарынан да маңыздысы – балалардың бойындағы білімге деген құштарлық пен алға ұмтылыс. Балалардың оқуға деген қызығушылығы, дамуға және жаңа нәрселерді үйренуге деген талпынысы болашақта мамандықты дұрыс таңдауға, қабілеттерін толық жүзеге асыруға және елінің табысты азаматы болуына жол ашады. Ата-аналарға амандық-саулық, жанұяларына бақ-береке және балаларының жетістіктеріне қуанып жүруді тілеймін», – деді Ермек Күзенбаев.

blank Осы ізгі бастамаға Жасөспірімдер баспанасы мен «Жанұя» балалар ауылының тәрбиеленушілері де ат салысты.

blank blank

Балалардың өнері көрермендерге қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл-күйді одан әрі көтерді! Іс-шараның соңында «Карнавал» ансамблі өз өнерін көрсетті.

blank

blank

Қазіргі уақытта облыстық білім басқармасының мәліметінше, «Мектепке жол» акциясында 2719 балаға жалпы 29,38 млн теңгеге түрлі қаржы және материалдық көмек көмек көрсетілген.

Әсіресе, акцияға басқарманың осындай серіктестерінің белсенді қатысып жатқаны қуантады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ