Бірнеше күн ыстықтан кейін кеше кешке Қостанайда жаңбыр мен бұршақ жауды. Көшелердегі көлік қозғалысы қиындады: яғни қала көшелерін су басып, кейбір бағдаршамдар істен шықты. “Бағдаршамның дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты көшелерде көлік жүргізу қиынға соқты. Бірақ полицейлер жолдағы жүргізушілерді қорғау және жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Қазіргі уақытта ауа райы қалыпқа келді, полиция қызметкерлері штаттық режимде қызмет етуді жалғастыруда”, – делінген ПД хабарламасында.