Бас дәрігер ісі: прокурор шартты жаза сұрады

Бас дәрігер ісі: прокурор шартты жаза сұрады

Бүгін Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері мен аталған орталық қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істің сот отырысы өтті.
Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Владимир Михайленко мен оның қарамағындағы Ромуте Маладаускайте, Евгений Сомусев, Зада Хакімова ҚР Қылмыстық Кодексінің бірнеше бабы бойынша айыпталып отыр.
Атап айтқанда, ақ халаттылар алдын ала сөз байласу арқылы мас күйінде көлік тізгіндеп, полицияға ұсталған жүргізушілердің тапсырған қан сынамаларын не төмен мөлшерде көрсеткен, не «құлан-таза» сау қылып шығарған. Айыпталушылар қызмет бабын асыра пайданалу, жалған құжат жасау қатарлы қылмыстарға барған.
Мемлекеттік айыптаушы күдіктілердің бар кінәсін мойындап, тергеу тарапымен процессуалдық келісімге келгенін мәлімдеп, Владимир Михайленконы 2 жыл, Ромуте Маладаускайте 1 жыл, Евгений Сомусев пен Зада Хакімова бір жарым жыл бас бостандығын шектеу жазысын сұрады. Сондай-ақ, айыпталушылардың барлығы мемлекет пайдасына 15 АЕК көлемінде төлеуге және сараптама жүргізудің шығынына 738 мың теңге өтеуге міндеттелді.
Аталған қылмыстық іс бойынша сот үкімі 17 шілде күні шығарылады.

Қыдырбек Қиысханұлы

Жаңалықтармен бөлісу