Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады – синоптиктер болжамы

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады – синоптиктер болжамы

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы өте терең Қара теңіз циклоны ықпалымен қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Келе жатқан циклон елдің көп бөлігінде күннің жаңбырлы болуына ықпал етеді. Найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде кей кездері қатты жаңбыр жауады», – делінген синоптиктер болжамында.

Күндізгі температураның қысқа мерзімді төмендеуінен кейін:

Қазақстанның солтүстігінде ауаның температурасы +20+25 градустан +25 + 33 градусқа дейін,

солтүстік-батыста +18+30 градустан 25+33 градусқа дейін,

орталықта +25+33 градустан +32+39 градусқа дейін,

оңтүстікте +25+35 градустан +35+42 градусқа дейін көтеріледі.

Елдің батысында ауа температурасының +22+35 градусқа дейін, ал шығыста +27+35 градусқа дейін төмендеуі болжанды.

Оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгеріс болмайды.

Жаңалықтармен бөлісу