Ертең Қостанай қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 34 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Мерекелік бағдарлама Мемлекеттік Тудың енгізілуі мен Әнұранның орындалуынан басталып, әскери қызметшілер мен шекара қызметінің ардагерлерін марапаттау рәсімімен жалғасады.
Келушілер назарына шекарашылардың кәсіби дайындығы мен жауынгерлік шеберлігін көрсететін көрсетілімдер, әскери техника, қару-жарақ пен арнайы құралдардың таныстырылымы ұсынылады. Сондай-ақ мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Ерекше назар биыл Шекара қызметіне келген тоғыз жас офицерге аударылады. Олардың қатарында Академияның үздік түлектері, аға лейтенанттар Бөгетбай Есбол Серікұлы мен Абай Айдос бар. Жас офицерлердің әңгімесі шекарашылардың жаңа буынының кәсіби даярлығы мен Отан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген жауапкершілігін көрсетеді.
Іс-шараға «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының өкілдері де қатысады. Бұл – шекара қызметінің дәстүрін дәріптеп, жас ұрпақты Отан қорғауға тәрбиелеудің маңызды көрінісі.
Өтетін орны: Қостанай қаласының орталық алаңы
18 тамыз 2026 жыл
Басталуы: 11:00
Мерекелік шара тұрғындар мен қала қонақтарына шекарашылардың күнделікті қызметімен, әскери даярлығымен және Мемлекеттік шекараны қорғаудағы еңбегімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
