Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Владимир Михайленко жайлы Tengrinews.kz хабарлады.
Оны ҚК-нің 361-бабының 1-бөлігі бойынша “лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану”, ҚК-нің 385-бабының 5-бөлігімен “жалған құжаттарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу” бойынша айыптап отыр. Қылмыс белгілі адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалды делінген көрсетілген құжатта.
Құқық бұзушылықтың барлықжай-жапсары бүгін, 14 шілдеде өтетін сот отырысы өткеннен кейін белгілі болмақ.