Құмар Ақсақалов Абай күнімен құттықтады

Құмар Ақсақалов Абай күнімен құттықтады

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов барша  тұрғындарды Абай күнімен құттықтады.

Өңір басшысы өз құттықтауында ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының мұрасы халқымыздың баға жетпес рухани қазынасы екенін атап өтті.

Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде ұлттың болмысы, дүниетанымы, тілі мен ділі, рухы мен арман-мұраты көрініс тапқан. Ұлы ойшыл ұрпақты білімге, еңбекке, адалдыққа үндеп, «толық адам» тұжырымын қалыптастырды.

Құмар Ақсақалов Абай мұрасын дәріптеу – ұлттық руханиятты ұлықтап, өскелең ұрпаққа ұлы ойшылдың тағылымын жеткізудің маңызды жолы екенін атап өтті.

«Баршаңызды ұлттық руханияттың ұлы көшіне айналған Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!» – деді облыс әкімі.