Жітіқара ауданының оқушысы Халықаралық лингвистика олимпиадасында құрмет грамотамен марапатталды

Жітіқара ауданының оқушысы Халықаралық лингвистика олимпиадасында құрмет грамотамен марапатталды

Румынияның Бухарест қаласында әлемнің әртүрлі елдерінен келген дарынды жас лингвистердің басын қосқан Халықаралық лингвистика олимпиадада Қазақстан Республикасы құрамасының сапында Жітіқара ауданы Абай атындағы мектеп-лицейінің оқушысы  Кирилл Тұрғымбаев өнер көрсетті.

Кирилл республикалық лингвистика олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиадалық резервтің оқу-жаттығу жиындарынан сәтті өткеннен кейін еліміздің намысын халықаралық деңгейде қорғау құқығына ие болды.

Халықаралық олимпиадаға қатысу Кирилл үшін зерттеушілік және аналитикалық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушылармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды кезең болды.

Биыл Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де марапатқа ие болды. Шыңғыс Карасаев қола медаль иеленді. Кирилл Тұрғымбаев, Рамазан Бутантаев және Аслан Ажибаев Құрмет грамоталарын иеленді.