Қарабұтақ тасжолындағы қайғылы апат: екі адам қаза тапты

Қарабұтақ тасжолындағы қайғылы апат: екі адам қаза тапты

Бейімбет Майлин ауданының Валерьяновка кенті маңында Chery Cowin және Mazda 626 автокөліктері бетпе-бет соқтығысты.

Қайғылы оқиға салдарынан Chery Cowin автокөлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жолаушы және Mazda 626 жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, Chery Cowin жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.

Марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Жол – қателікті кешірмейді. Жылдамдықты асырып, қарсы жолаққа шығу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Әр сапарда Жол жүрісі қағидаларын сақтап, өз өміріңіз бен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қараңыз.