Арқалық әуежайының құрылысы мәреге таяды

Арқалық әуежайының құрылысы мәреге таяды

Президент пәрменінің арқасында таяуда қалада жаңартылған әуежай пайдалануға берілмек.

Жоба әуе қатынасын қалпына келтіріп, Қостанай облысының оңтүстік аймақтарын Қазақстанның ірі қалаларымен байланыстыратын заманауи көлік инфрақұрылымын құрады.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша құрылыстың басы-қасында жүрген облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Алмас Ормашұлы атқарылып жатқан жұмыстар шілде айының аяғында мәресіне жететінін айтады.

«Әуежайдың ашылуы Арқалық қаласы, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандары, сондай-ақ Ақмола облысының Жарқайың ауданы үшін көлік қолжетімділігін жақсартады. Шалғай аудандардың 80 мыңнан астам тұрғыны еліміздің басқа аймақтарына жылдам және ыңғайлы саяхаттай алады, медициналық, білім беру және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жақсарады. Жоба аясында ұшу-қону жолағы, рульдік жолақ және перрон қайта құрылды, сондай-ақ қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасының заманауи талаптарына сай келетін жаңа әуежай кешені салынды. Әуежайдың жобалық қуаты сағатына 70 жолаушыға дейін, бұл аймақтың қазіргі қажеттіліктерін қанағаттандырады және одан әрі өсуге мүмкіндік береді», – дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Алмас Есенжолов.

Мамандардың мәлімдеуінше, жобаның экономикалық әсері өңірге инвестиция тартып, шағын және орта бизнесті дамытады. Кәсіпорындар үшін логистикалық шығындар төмендейді. Сауда, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібін және қызмет көрсету жұмыстарын кеңейтеді.  136 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады.

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, филиал басшысы Жаслан ИскаковАрқалық-Астана, Арқалық-Қостанай және Арқалық-Алматы бағыттары бойынша тұрақты рейстердің қайта басталуы жол жүру уақытын айтарлықтай қысқартып, тұрғындар, бизнес және мемлекеттік органдар үшін мобильділікті арттыратынын алға тартады. Үкіметтік субсидиялардың арқасында Арқалық-Астана және Арқалық-Қостанай бағыттарында әуе билеттерінің бағасы 10 мың теңге, ал Арқалық-Алматы бағытында 25 мың теңге болады.

Қазіргі таңда штаттық кестеге сәйкес қажетті 136 адамның 112-і жұмысқа алынған. Жоспар бойынша рейстер аталған бағыттарға аптасына 2-3 реттен болуы мүмкін.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Арқалық әуежайының іске қосылғалы жатқанына қала тұрғындары да зор қуанышты. Армандарын бірге тоғыстырған ерлі-зайыпты кейіпкерлеріміз бұл оң өзгеріс қала өмірін тың серпін беретінін алға тартады.

Қанат Таңатұлы,

қала тұрғыны:

blank

«Жас кезімізде әуе қатынасының игілігін көрдік. Баратын жеріңе тез барасың. Енді міне араға көп жыл салып сол мүмкіндіктер қайта оралғалы тұр. Әуежай іске қосылып қалаға келушілердің қатары көбейсе қуанышымыз одан әрі еселене береді».

Бақыткүл Ағзамқызы,

қала тұрғыны:

«Аэропорттың іске қосылайын деп жатқанына өте қуаныштымыз. Қаламыздыың жылдан жылға көркейіп келе жатқанына ерекше тәнтіміз. Елдің қамын ойлаған азаматтарға алғысымызды айтамыз».

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы