Тәуіште ауқымды қос нысан салынып жатыр

Тәуіште ауқымды қос нысан салынып жатыр

Жангелдин ауданына қарасты тірек ауылдардың бірі Тәуіш ауылында қос бірдей ауқымды нысанның еңсе көтеріп жатқаны өңір тұрғындары үшін зор қуаныш.

Оның бірі таяуда аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев аймақтық брифингте атап өткендей Торғайда туристік саланы дамыту бойынша Тәуіш ауылында құны 70,0 млн тұратын «Жол бойындағы кафе» құрылысы жүргізілуде.

blank

Сондай – ақ, бюджет қаражатынан тыс ауылда «Қазақстан халқына» қоры арқылы дене шынықтыру – сауықтыру кешені салыну үстінде.

blank blank

Бүгінде жұмыстар еңсеріліп, аяқталу шегінде. Қалып тұрған жұмыстар ішкі жылу, кәріз құбырларын жүргізіп, қосу. Аудан әкімінің орынбасары Гүлмира Ұзаққызының мәлімдеуінше нысан алдағы қыркүйек айының басында ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

Екі жылдан бері құрылысы жүргізіліп жатқан шынықтыру-сауықтыру кешені осылайша толық аяқталып, халықтың пайдалануына берілмек.

Спорттық кешен мен дәмхана құрылыстары ауыл әкімдігі ғимаратының нақ жанында орналасқан.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                           Жангелдин ауданы