Қостанай облысында дәстүрлі егіншілікпен қатар, мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Жаңа инвестициялық жобалар іске қосылып, саланың тынысы кеңеюде. Заманауи сүт-тауар фермалары салынып, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі артты.
Осы жылдың алты айының қорытындысында аймақта ет өндірісі – 8,2%-ға, жұмыртқа – 4,1%-ға, ал сүт – 3,8%-ға өскен. Ең жоғары көрсеткіш Қарабалық, Фёдоров, Ұзынкөл, Жітіқара ауданы мен Арқалық қаласына тиесілі.
«Өндірістік қуаты жылына 100 000 тоннадан асатын өнеркәсіптік сүт-тауар фермалары салынуда. Бұл бағытта барлығы 16 ірі жоба жүзеге аспақ. Қазірдің өзінде жеті ферма іске қосылды. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында сүт өнімділігінің 15,7%-ға артқан тіркелді. Өсім Қарабалық, Меңдіқара және Федоров ауданында байқалды. Қалған тоғыз ферманың құрылысы әзірге жүріп жатыр. Келешекте өңдеу зауыттарын толық қамтуға және сүт өнімдерінің импортын азайтуға мүмкіндік туады», – деді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ілиясхан Әмірбеков облыс әкімдігінде өткен кеңесте.
Қымбат ДОСЖАНОВА
