Облыс экономикасына жеке инвестиция тарту көлемі ұлғайды

Облыс экономикасына жеке инвестиция тарту көлемі ұлғайды

Өткен алты ай ішінде аймақ экономикасына тартылған жеке инвестициялар 12,7%-ға өскен.
Өңірлер арасында Федоров, Алтынсарин, Б.Майлин, Қарасу, Қостанай және Әулиекөл аудандары тамаша нәтиже көрсетті.

Жеке инвестициялардың 58,5%-і өнеркәсіп саласына тартылған. Қомақты қаражаттың айтарлықтай бөлігі ауыл шаруашылығына, жылжымайтын мүлік саласындағы қызметке және көлік-логистикаға бөлінді.

«Инвестиция тарту жұмыстары белсенді түрде жалғасуы тиіс. Ол үшін облысымызда барлық қажетті жағдайлар, соның ішінде «жасыл» энергетика мен заманауи логистиканың қалыптасып жатқанын ескерген жөн», – деп мәлімдеді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ілиясхан Әмірбеков

Қымбат ДОСЖАНОВА