Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен, «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының демеушілігімен, «Қостанай таңы» газеті редакциясының бастамасымен облыстағы қазақ тілді журналистер арасында IV «Дін және қоғам» байқауы өтеді.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылды «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялады. Осы бағытта әртүрлі рухани іс-шара өткізіліп келеді. «Дін және қоғам» облыстық журналистер байқауы арқылы біз де ұлттық, діни құндылықтарды насихаттауға үлес қоспақпыз.
Байқаудың мақсаты:
– облыстағы қазақ тілінде жазатын журналистерінің кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал ету;
– теле-радио және баспасөз тілшілерін шығармашылық, материалдық тұрғыда ынталандыру;
– діни-рухани құндылықтарға қоғам назарын аударту.
Байқаудың тақырыптары:
- Діни экстремизм мен терроризм – жалпыға ортақ өткір мәселе;
- Ұлттық бірегейлік пен діни таным сабақтастығы;
- Отбасы құндылықтары және ұрпақ тәрбиесі: Ислам дінінің рөлі;
- Конфессияаралық татулық – тұрақтылық пен келісім кепілі;
- Қазіргі қоғамдағы дін қызметкерінің (имамдар, молдалар, діни қайраткер) бейнесі;
- Қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік: Исламдағы жанашырлық мәдениеті.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
– байқауға қазақ тілінде жазатын және хабар тарататын облыс көлеміндегі теледидар, радио және газет-журнал журналистері (65 жасқа дейінгі) қатыса алады;
– 2025 жылдың 1 қазанынан бастап 2026 жылдың 10 қарашасы аралығында баспасөзге жарияланған, эфирге шыққан материалдар (телевизиялық және радио бағдарламалар, мақала, сұхбат) жолдануы керек;
– басылым материалдары түпнұсқа немесе ксерокөшірме түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуға тиіс;
– дыбыстық-визуалды жұмыстар (теле, радио хабарлар) эфирлік анықтамамен бірге cd/dvd дискілерімен, flash-тасымалдаушыларымен жолдануы қажет немесе ұйымдастырушыларға интернетке шығарылған нұсқасының сілтемесі берілуі керек;
– әр журналистен 1 ғана материал қабылданады;
– ұсынылатын материалдарға мыналар қоса берілуі шарт: автордың өмірбаяны және байланыс нөмірі.
Материалдарға қойылатын талаптар:
– тақырыпқа сәйкестігі;
– жаңашыл көзқарас;
– мәселені талдаудағы тереңдігі;
– нақтылық пен қисынға негізделуі;
– мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы;
– авторлық тұжырымдаманың дербестігі;
– жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың анықтығы мен шынайылығы;
– журналистиканың этика қағидаларына сәйкестігі;
– безендірілуі.
Байқау комиссиясының міндеттері:
– комиссия құрамына белгілі журналистер, Қоғамдық даму басқармасы, Дін басқармасы және дін саласының өкілдері кіреді;
– Комиссия өкілдері материалдарды іріктеу кезінде материалдың объективтілігі, автордың кәсіби шеберлігі (тақырыпты жан-жақты ашуы, жұмыстардың толымдылығы) секілді негізгі шарттарды басшылыққа алады;
– ережелерге және тақырыптарға сәйкес келмейтін, қабылдау мерзімінен кешігіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді;
– байқау материалдарын бағалау, жеңімпаздарды анықтау және жүлдегерлерге сыйлық тағайындау комиссия шешімінен жүзеге асады. Материалдарды қарау, қорытындылау регламентін комиссия белгілейді;
– комиссия мүшелері байқауға қатыса алмайды.
Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
– Байқауды өткізуді үйлестіру «Қостанай таңы» газеті редакциясы бекіткен тәуелсіз комиссияға жүктеледі;
– материалы жалпы ереженің талаптарына сәйкес келмеген үміткерді байқауға өткізбеуге;
– комиссия мүшелерінің өкілеттіліктерін асыра пайдаланғаны анықталып жатса, байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы;
– барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға;
– байқау өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге;
– байқау нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеуге міндетті.
Үздік материалдарға тігілген жүлделер:
– Бас жүлде – 300 000 (үш жүз мың) теңге;
– 1-орын – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
– 2-орын – 100 000 (жүз мың) теңге;
– 3-орын – 50 000 (елу мың) теңге.
Материалдарды қабылдау тәртібі:
– журналистер жұмысын қабылдау байқау жарияланған күннен басталып, 2026 жылдың 10 қарашасында (сағат 18:00-де) аяқталады;
– Редакция мекенжайы: Қостанай қаласы Әл-Фараби даңғылы, 90-үй, «Қостанай таңы» газеті редакциясы;
– Байланыс телефоны: 8(7142) 54 84 44.
– Ұялы телефон нөмірі: 8 701 855 96 76 (WhatsApp)
– Электрон пошта: kostanaytany@mail.ru (байқауға деген тақырыппен жіберу керек)
Байқау жеңімпаздарын марапаттау:
– жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күніне орай өтеді;
– марапаттау салтанаты туралы жеңімпаздарға алдын ала хабарланады.
