Қазгидромет синоптиктері 11 шілде, сейсенбіде ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады. Оның ішінде Қостанай облысы да бар.
Қостанай облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі бар.