«Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтып өткендей, ұстаз – ұлы адам. Қазіргі уақытта мен Қостанай гуманитарлық колледждің қазақ тілі және әдебиет мамандығының 2-курсын аяқтағалы отырмын. Осы мақаланы жазып отыруымның себебі, биыл мектеп түлектерін біздің оқу ортамызбен таныстыру және де өз алған білімім мен тәжірибеммен бөлісу болатын. Екі жыл аз уақыт болғанымен, менің өмірімде үлкен рөл атқарды. Біздің топтың жетекшілері Гүлжанат Түйебайқызы мен Гүлден Жұмағалиқызы осы арада бізді дап-дайын мұғалім етіп дайындады деп сенімді түрде айта аламын. Сабақ жоспарын құру, мақсатпен жұмыс, түрлі әдіс тәсілдерді пайдалану, бой жазуға арналған ойындар, миға шабуыл тапсырмалары, т.б жұмыстарды меңгеріп, әр сабақта қолдану үстіндеміз. Іс-тәжірибенің әр күні бізге ұмытылмас сабақ болып есте қалуда.
Іс-тәжірибенің алғашқы аптасында бізге Гүлжанат апайымыз көшедегі қарапайым халықтан сұхбат алуымызды тапсырған еді, ол кезде біз 8 адамнан тұратын топ болып жұмыс атқарғанбыз. Бізге берілген тақырып – «Салт-дәстүрлердің маңызы».
Сұхбат кезінде біз көптеген қиындықтармен кездестік. Көшедегі адамдардан басында жауап ала алмадық. Кейбір адамдар бейнекамерадан сескенсе, кейбіреулері қазақ тілінде сөйлей алмайтын болып шықты. Сөйтіп салт-дәстүрімізді білетін адамдар табылды. Олармен сұхбат кезінде салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылды.
Аладғы уақытта Ы.Алтынсарин музейінде жұмыс жасайтын адамдармен де сұхбат жүргізгіміз келген. Бірақ олар бастартты. Осы жағдай Толстой атындағы әмбебап кітапханасымен де болды. Көңілімізге қатты әсер етті. Бірақ осы сұхбат алу барысында топтың әр мүшесі өзін тілші сезінді. Басындағы адамдармен қарым-қатынас жасаудағы қорқыныш сейілді, әрі колледжден тыс барлығымыз жақындаса түстік.Тапсырманы жоғары деңгейде орындап шықтық. Сол күніміз ерекше көңілді өтті.
Әсем Оразғалиева,
Қостанай гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті.