Аңғар ауылы 1963 жылы құрылған. Арқалық қаласынан 17 шақырым жерде орналасқан. Ауылдың негізгі кәсібі – егін және мал шаруашылығы.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мәселесі турасында жергілікті әкім есеп берді.
«Аңғар ауылының Ленин көшесінен 420 тонна қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Сондай-ақ ауыл шетіндегі орналасқан қоқыс полигонын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді», – дейді ауыл әкімі Марат Жарасбаев.
Ауыл халқын алаңдатқан мәселе – жедел жәрдем көлігінің жоқтығы.
«Қашықтық қаламен жақын болғандықтан тұрғындар қажет бола қалған жағдайда жедел жәрдем де шақырта алады», – дейді Арқалық өңірлік ауруханасы директорының орынбасары Әсел Атымтаева.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы
