Елордамыз Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының XIII Гимназиадасы Қостанай облысының спортшылары үшін өте сәтті аяқталды.
2026 жылғы 6–8 маусым аралығында өткен дүбірлі додада өңір намысын қорғаған еркін күрес шеберлері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.
Бозкілемде бағы мен бабы қатар шапқан қостанайлық жас балуандар облыс қоржынына 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль салды.
Алтыннан алқа тағынған Адай Хамит (62 кг), Арлан Досымбек (41 кг) және Данил Разумовский (92 кг) қарсыластарынан басым түсіп, Гимназиада жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ, ауыр салмақта белдескен Әмір Тұрарбек (110 кг) күміс жүлдеге ие болса, Мағзұм Қазтай (51 кг), Геннадий Гарипов (44 кг) және Әбілмансұр Нұртай (71 кг) өз салмақ дәрежелерінде үздік үштікті қорытындылап, қола медаль еншіледі.

Спортшыларды жауапты жарысқа жоғары деңгейде дайындап, бозкілемде дұрыс тактика таңдай білген білікті жаттықтырушы – Қанат Өмірзақұлы Тапалов.
