Арқалықты дамыту толастамайды

Арқалықты дамыту толастамайды

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Арқалықтағы жұмыс сапарының екінші күнін ертелетіп өңірде құрылысы жүріп жатқан республикалық маңызы бар жолдардың құрылысымен танысудан бастады.

Олар: «Жезқазған – Арқалық –Петропавл» және «Орталық – Батыс» автомобиль жолдарының құрылыс жобалары.

Жаңа «Орталық – Батыс» автомобиль жолын салу жобасы Мемлекет басшысының ұлттық Құрылтайда берген тапсырмасы бойынша жүзеге асуда. Бұл жол пайдалануға берілгенде Астанадан Арқалық арқылы Ырғызға дейінгі қашықтықты 560 шақырымға қысқартады.

Өңірде Президент пәрменімен қолға алынып жатқан аса маңызды жобалардың бірі Арқалық әуежайын қайта құру жобасы.

Жобаның жалпы құны 20,2 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде: автономды қазандығы бар терминал құрылысы (1–2 кезеңдері) – 10,0 млрд теңге, «Ұшу-қону» жолағын, рульдік жолды және перронды қайта құру – 10,2 млрд теңге.

Облыс басшысы Арқалық әуежайының құрылысын кезекті мәрте көріп, құрылыс жұмыстарымен егжей – тегжейлі танысты. Аэропорт құрылысы қарқынды жоспарға сай жүргізілуде. Ұзақ жылдар бойы мүлгіп тұрған аумақ қайта жанданыс тапқан. Ұшақтардың ұшу-қону алаңдарында да қарбалас жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Аэропорт іске қосылып, ұшақтардың ұшатын кундері де алыс емес. Біз Арқалыққа жаңа самолеттерді ұшыруды жоспарлап отырмыз. Арқалық – Қостанай, Арқалық – Астана, Арқалық – Алматы бағыттарына қолжетімді бағада әуе қатынасы орнайтын болады. Әрине, мұның бәрі Президентіміздің тікелей тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан жұмыс. Әуе қатынастары халыққа тиімді болу үшін үкімет тарапынан субсидияланады», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Биыл Арқалық қалалық мәдениет сарайының күрделі жөндеу жұмыстарын толық аяқтау үшін облыстық бюджеттен 61 миллион теңге қаражат бөлінді. Облыс әкімі нысанды аралап көріп, өнер ұжымдарымен де жүздесуге уақыт тапты.

Сапар соңы Арқалық қаласының 70 жылдығын мерекелеуге дайындық бойынша кеңеспен түйінделді.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Облыс әкімі қаланың абаттандыру жұмыстарына да айрықша назар аударып, қаланы көркейту жұмыстары алдағы уақытта да ұдайы басты назарда болатынын айтты.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                            Арқалық қаласы.