Қостанайлық оқушылар Ақорданы тамашалады

Қостанайлық оқушылар Ақорданы тамашалады

Қостанай облысынан барған 5 оқушы үшін Астанаға сапар ерекше әсерге толы болды.

Ақордаға – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына жеткен жас өрендер елорда бойынша танымдық саяхатқа қатысып, қаланың көрікті орындарын аралады. Экскурсия барысында олар Астананың басты символдарының бірі – Бәйтерек монументін тамашалап, оның тарихы мен маңызы туралы мәлімет алды.

Жас буын үшін мұндай сапарлар Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, еліміздің жетістіктерін жақыннан тануға мүмкіндік береді.