Академияға оқуға шақырды

Академияға оқуға шақырды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Бауыржан Бағлайұлы Арқалық қаласына келіп мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

Кездесуде құзырлы өкіл мемлекеттік қызметшілерді Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 жылдарға оқуға қабылдау бойынша түсіндіріп, оның мүмкіндіктері мен артықшылықтары жайлы ақпарат берді.

blank

«Мемлекеттік басқару академиясы жыл сайын талапкерлерді оқуға қабылдайды. Әсіресе, негізгі мақсат – бағыты тек қана мемлекеттік қызметшілер. Бұл санаттағы азаматтардың мемлекеттік тапсырыс бойынша академияға қабылданатын мүмкіндігі бар»,-деп атап өтті Бауыржан Бағлайұлы.

blank

Сонымен қатар, оның айтуынша тағы бір атап өтетін маңызды жайт жаңа биыл оқу барысына өзгерістер енгізілген. Алдымен оқуға қабылдау уақыты қысқарған. Бұрын 2 айдан астам уақыт болса, қазір тек қана 60 күн белгіленген.

blank

Мемлекеттік органдарда қызмет ету барысында мемлекеттік қызметшілер әр түрлі саланы қамтығандықтан тапсыратын бағдарламалары да сан қилы болып келеді. Сол себепті тапсырушылардың еңбек өтілдері сараланатын болады.

blank

«Ағымдағы жылдың тағы бір өззешелігі бұл «мемлекеттік сектордағы цифрлық талдау және жасанды интеллект» атты жаңа бағдарламаның енуі. Биылғы жылдың мемлекет басшысы тарапынан «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы болып жарияланғаны барша белгілі. Осы ретте біз цифрлық дағдыларға ерекше мән беріп отырмыз»,-деді филиал басшысы.

blank

Бағдарламадағы басты өзгешеліктердің бірі — биыл 200-ден астам грант бөлініп отыр. Әдетте соңғы он жылдың ішінде грант саны 120 мен шектелген.

Бауыржан Бағлайұлы бұл мүмкіндіктің барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарға қатысты екенін алға тартты. Ең ақырғысы ауылдық деңгейдегі әріптестерінің орталық мемлекеттік орган өкілдерімен бірге грантқа тапсыра алатынын айтты.

Өкінішке орай, өткен жылы академияға Қостанай облысы бойынша бірде бір адам оқуға түсе алмаған.

  Академияға оқуға қабылдау 2026 жылғы 1 сәуірден 1 маусымға дейін жүзеге асырылады. Құжаттар толықтай онлайн форматта admission.apa.kz платформасы арқылы қабылданады. Бұл үміткерлер үшін уақытты үнемдеуге және процесті жеңілдетуге мүмкіндік береді.

МҰРАТ ЖҮНІСҰЛЫ