«Ұлттар достығы»: мәдениет пен татулық тоғысқан күн

«Ұлттар достығы»: мәдениет пен татулық тоғысқан күн

Қостанай ауданында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ұлттар достығы!» атты думан дүркірете аталып өтті.
Жаңбырлы ауа райына қарамастан, «Алтын дән» мәдениет үйінің алдындағы алаңға бұл маңызды мерекені атап өтуге ниетті мыңнан астам адам жиналды. «Ұлттар достығы» атты көпшілік думан Қазақстанның мәдени әралуандығының байлығын айқын көрсеткен жарқын іс-шараға айналды.blankblankblankblankblankblankblankМереке аясында «Мың алғыс саған, туған ел!» атты этноқалашық ұйымдастырылып, келушілер мол дастарханнан дәм татып, түрлі ұлттардың салт-дәстүрімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Қазақ, орыс, грузин, кәріс және өзге де халықтардың ұлттық тағамдары қонақтарды ерекше дәмімен тәнті етіп, достық пен жылулық атмосферасын қалыптастырды.blankblankblankblankblankЖоба Қостанай облысы психологтар қауымдастығы тарапынан Қостанай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қолдауымен, ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылды. Бұл серіктестік түрлі ұлт өкілдерін бір алаңға жинап, мәдени тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.blankblankӨңір басшысы Олжас Нұрғалиев этноқалашықты аралап, аймақта тұратын түрлі халықтардың мәдениеті мен ұлттық тағамдарымен танысты. Ол әр этнос өкілдерімен еркін пікірлесіп, олардың салт-дәстүрі мен ас мәзірінің ерекшеліктері туралы сұрақтар қойды. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралардың халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.blankblankНәтижесінде бас жүлдені Қостанай аудандық балалар шығармашылығы үйі иеленді. Ұжым қазақ халқының бай мәдениетін, соның ішінде тазы мен бүркітпен аңшылық дәстүрін және ұлттық тағамдардың алуан түрлілігін кеңінен таныстырды.
Бірінші орынды Тобыл қаласындағы мектеп-гимназия иеленсе, екінші орын Тобыл қаласының №1 жалпы білім беретін мектебіне бұйырды. Ал үшінші орынды Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі иеленді.blankblankblankМерекелік концерт іс-шараның шарықтау шегіне айналды. Сахнада Қостанайдың танымал әртісі Арыстан Құрманов және Қостанай ауданының талантты өнерпаздары өнер көрсетті. Олардың жарқын қойылымдары түрлі ұлт пен мәдениет өкілдерін біріктіріп, қуаныш пен бірлік атмосферасын сыйлады.blankblankblank

Суреттерді түсірген — Рабиға Атуллина