Футболдан Қазақстан чемпионатының 13- туры аясында Қостанайдың “Тобыл” командасы “Атырауға” қонаққа барып, ойсырай жеңілді. Бірінші тайм аяқталар тұста “Тобылдың” қақпасына он бір метрлік айып добы белгіленді. Есеп – 0-1.
Келесі кезекте команда капитаны Серікжан Мужиков бұрыштама добын асырудың орнына, алдау тәсілімен командаласына пас беруге көшкен. Бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Қарсыластар қарсы шабуылды пайдаланып, есепті еселеді. Бірінші кезеңде жарақат алған Александр Марочкин мен Рогачты алмастырған жас орындаушылар алаңда сырбырлық танытып, алаң иелері үшінші допты қақпаға тоғытты. Қорытынды есеп – 0:3. Енді қостанайлық команда 28 маусымда Қазақстан кубогы ойындары аясында осы “Атырауды” қабылдайтын болады.