«Қостанай таңы» – Қостанай облысында мемлекеттік тілде ақпарат тарататын жалғыз әлеуметтік-саяси басылым. Газеттің алғашқы саны 1922 жылы 25 маусымда «Ауыл» деген атпен шықты. Ол РКП(б) Қостанай губерниялық комитетiнiң органы болды.
Басылымды ұйымдастырып, оның алғашқы нөмiрiнiң жарық көруiне қазақтың тұңғыш кәсiби журналистерiнiң бiрi Мұхамеджан Сералин мен қазақ әдебиетiнiң хас шеберi Бейiмбет Майлин ерекше үлес қосты. Заманның ағымына қарай газет атауы да сан рет өзгердi. Ол бiрде «Социалды ауыл» (1931-1936 ж.), бiрде «Большевиктiк жол» (1936-1953 ж.), бiрде «Коммунизм жолы» (1953-1963 ж.), бiрде «Коммунизм таңы» (1966-1991 ж.) атанды. Ал 1991 жылдан бастап «Қостанай таңы» деген атпен жарық көрiп келедi. Газет өзiнiң 100 жылға жуық тарихында халқының мұңын мұңдады, жоғын жоқтады, туған жердің шежiресiн жазды. Басылымға әр жылдары Тумыш Сарходжаев, Зиябек Рүстемов, Қайыржан Бекқожин, Беген Байсақалов, Сапаржан Хайдаров, Сейiт Әбдiбеков, Сәлтай Ержанов, Бақытжан Жангисин, Сержан Үсенов, Салық Молдахметов, Бақытжан Нұрмұхамедов сияқты көрнектi журналистер басшылық етті. Газетте сондай-ақ, әр жылдары қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, ақын Сырбай Мәуленов, Қасым Тоғызақов, Кеңшілік Мырзабеков, Сейіт Кенжеахметов, Мұхамеджан Дүзенов, Ақан Нұрманов, Жақан Сыздықов, Ғаббас Жұмабаев, Қойшығара Салғарин, Назарбек Бектемісов, Нұрғожа Оразов, Сапабек Әсіпов, Мәлікзада Ахметбеков, және т.б. еңбек еткен. Бұл басылымда елге белгілі қаламгерлер Байтұрсын Ілияс, Ақылбек Шаяхмет, Жолбарыс Баязид, Қайсар Әлім, Сейфолла Шайынғазы, Серік Шайман, Ахметхан Байжанов, Ханзипа Кәкімжанова. Жайберген Болатов, Сәлім Меңдібай, Қанат Аужанов, Мейраш Жүнісбеков, Мақсұтбек Оташев, Дамир Әбіш, Ғайнижамал Бердалинова, Жұмағали Арғынбаев, Оразалы Жақсанов, Мінаура Қабдырахметова, Гүлназым Сағитова, Ермекбай Хасеновтер көп жылдар табысты еңбек етіп, зейнетке шықты.
Басылымның ақпараттық кеңiстiкте өз орны бар. Редакция әр жылдары Еңбек Қызыл Ту орденiмен, Бүкiлодақтық халық шаруашылығы жетiстiктерi көрмесiнiң II дәрежелi дипломымен (екi мәрте), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Құрмет грамотасымен, «Сорос-Қазақстан» қорының, облыс әкімінің сыйлығымен марапатталған.