«Ауыл» жастары демалыс алаңын дайындауға көмектесті

«Ауыл» жастары демалыс алаңын дайындауға көмектесті

«Ауыл» партиясының Қостанай өңірлік филиалы жанындағы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның бастамасымен ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсетіліп, игі іс жүзеге асты.

Комиссия төрағасы, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ құқық және экономика факультетінің деканы А Байкин «Жастар қанаты» белсенділерімен бірге «Лучики надежды» қоғамдық бірлестігінің ерекше балаларға арналған демалыс алаңын дайындауға атсалысты.

blank blank blank

Іс-шара барысында балалардың бос уақытын өткізуге арналған алаңды құрылыс жұмыстарына дайындау мақсатында аумақ тазартылып, ретке келтірілді. Қоғамдық бірлестіктің төрайымы В. Бутырина көрсетілген қолдау үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Бала бақыты – қоғам бақыты. Осындай қайырымды бастамалар арқылы партия филиалы мен комиссия мүгедектігі бар жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірім мен жанашырлық құндылықтарын нығайта түсуде.