Кеншілер қаласында пара алған полицейлер ұсталды. Ресми мәліметтерге сәйкес, Рудный қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкері күдікке ілінген. Оларды ұстау операциясы 2026 жылдың наурыз айында жүргізілген.
Арнайы операцияны Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп өткізген.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу сотының санкциясымен күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Іс бойынша өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін жеткізді құзырлы орган.
Ақерке АРЫСТАНБАЙ,
ҚӨУ студенті
