22 маусымда еліміздің орталық мешіттерінде бір мезгілде Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан және хабарсыз кеткен боздақтардың рухына арнап құран оқытылады. Осындай іс-шаралар православия және католик шіркеулерінде де өтеді.
Астана қаласындағы қызмет кестесі:
– Сағат 13:21-де Хазрет Сұлтан мешіті (Тәуелсіздік даңғылы, 48);
– Сағат 13:30-да Свято-Успенский кафедральді Соборы (Күйші Дина көшесі, 27);
– Сағат 18:00-де Үздіксіз көмек Құдай Анасының Рим-Католик қауымы (Жұмабек Тәшенов, 26).
Өңірлердегі қызметтер кестесі:
– Сағат 13:21-де мешіттерде;
– Сағат 08:00-де православ шіркеулерінде;
– Сағат 18:00-де католик шіркеулерінде.