Өңір басшысы Қ.Ақсақалов брифингте мәлімдегендей, облыстың оңтүстік өңірлерін дамытуға барлығы 23,1 млрд теңге бөлінді.
“Астанаға шығуды қамтамасыз ете отырып, Қостанай және Ақмола облыстарының аумағы арқылы өтетін «Жезқазған–Петропавл» Республикалық маңызы бар автожол учаскесіне жөндеу жүргізу оңтүстік өңірлерді дамыту үшін серпін береді. Жол жағдайларының жақсаруымен аймақ көбірек көлік трафигін тартуға және экономикалық желінің маңызды хабына айналуға мүмкіндік алады” , – деді елордадағы брифингте өңір басшысы Қ.Ақсақалов.