Сотталғандар арасында спорт пен мәдениет насихатталуда

Сотталғандар арасында спорт пен мәдениет насихатталуда

Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №38 мекемесінде сотталғандар арасында мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында сотталғандар спорттың бірнеше түрі бойынша өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, гір көтеру, армрестлинг және арқан тарту бойынша жарыстар өткізілді. Қатысушылар өздерінің күш-қуатын, төзімділігін және жеңіске деген жігерін көрсетті. Барлық командалар белсенділік танытып, өз ұжымдарының намысын лайықты қорғауға тырысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар сотталғандардың дене белсенділігін арттыруға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға және тәртіпті нығайту сеп болады. Екінші жағынан олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Спорттық жарыстар қатысушыларға жағымды эмоциялар сыйлап, өзара құрмет пен командалық рухтың қалыптасуына ықпал етті.

Сонымен қатар, сотталғандардың мәдени демалысын ұйымдастыру үшін көркем фильм көрсетілімі өткізілді. Бұл олар үшін рухани серпіліс алуға мүмкіндік болды.

Жалпы өткізілген іс-шаралар сотталғандар арасындағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға және саламатты өмір салтына деген оң көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті. Осындай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сералы МЫРЗАБАЙ