Бұл жөнінде облыс әкімі Қ.Ақсақалов мәлімет бере кетті.
“Бағаның өсуін тежеу үшін жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау мәселесі шешіліп жатыр. Биыл 6 мың тонналық картоп-көкөніс қоймасын пайдалануға беру жоспарланған. 2024 жылы әрқайсысының сыйымдылығы 4 мың тонна болатын 2 картоп қоймасын салу көзделіп отыр”, – деді облыс әкімі елордада өтіп жатқан брифингтегі баяндамасында.
Өңір басшысының айтуынша, бүгінде Қостанай облысы шамамен 182 мың тонна картоп, 15 мың тонна сәбіз, 15 мың тонна қырыққабат және 3,4 мың тонна пияз өндіреді.