Александров ауылында жаңа су құбыры іске қосылды

Александров ауылында жаңа су құбыры іске қосылды

Биылғы жаз Қостанай ауданында жағымды жаңалықтармен басталып отыр. Ауданға қарасты Александров ауылында ұзындығы 44 шақырымдық су құбыры желісі тартылып, жаңа нысан бүгін салтанатты түрде іске қосылды.

Нысанның ашылуына аудан әкімі Жансұлтан Тәукенов арнайы қатысып, тұрғындарды көптен күткен қуанышымен құттықтады.

-Президентіміздің тапсырмасына орай, 2025 жылға дейін ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, екі жылдан бері Қостанай ауданында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Сегіз елді мекенге орталықтандырылған су құбырын тарту жұмыстары басталған болатын. Былтыр Надеждинка ауылдық округінде су құбыры желісін тарттық. Одан кейін Садчиков елді мекенінде осындай орталықтандырылған ауыз су құбыры іске қосылды. Жағымды жаңалық Александров ауылында жалғасын тауып отыр. Бұл бағыттағы жұмастар алдағы уақытта жалғасын табады, – деді Қостанай ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов.

Аудан орталығынан елу шақырым жерде орналасқан Александров ауылдық округінде екі мыңнан астам тұрғын бар. Ауылдағы 369 тұтынушы бұдан былай таза судың пайдасын көрмек. Аталмыш іс-шара туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқисыздар.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді түсірген Бейбіт Мейрамұлы

Жаңалықтармен бөлісу