Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері «Кабельные сети» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлерінің алдында «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Жадыра Жумасултанова және Қостанай облысы белорус қауымдастығының төрағасы Евгений Сотников сөз сөйледі. Олар ұжымды Алғыс айту күнімен құттықтап, бұл мерекенің қоғамдағы бірлік, өзара құрмет пен қолдаудың символы екенін атап өтті.

Сондай-ақ кездесуде алдағы референдум және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы талқыланды. Қатысушыларға ұсынылып отырған өзгерістердің маңызы мен елдің одан әрі дамуына ықпалы туралы айтылды.