Арқалықтықтар еріктілер жылын атап өтті

Арқалықтықтар еріктілер жылын атап өтті

Бұл жыл – адамгершілік пен жанашырлықты ту еткен, қоғамға жан-тәнімен қызмет ететін жастардың мерекесі. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Орнықты даму мақсаттары жолында 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады.

Қазақстан — халықаралық еріктілер жылы идеясын алғаш көтерген елдердің бірі.

Еріктілік — бұл міндет емес, бұл жүректің қалауы. Ерікті — ол көмек сұрағанға қол ұшын созатын, қоғамға пайдасын тигізуді өмірлік ұстаным еткен жан.

blank blank Қазіргі таңда жастар еріктілік арқылы: «Қоғамға пайда келтіру – мұқтаж жандарға көмек беру, қоғамдық жұмыстарға атсалысу», «Азаматтық белсенділікті арттыру – адамдарды қоғам өміріне араластыру», «Қайырымдылық пен мейірімділікті насихаттау – бір-біріне көмектесу мәдениетін қалыптастыру», «Қоршаған ортаны қорғау – тазалық акциялары, сенбілік сияқты шараларға қатысу», «Патриотизмді дамыту – туған жерге пайда тигізу арқылы елге деген сүйіспеншілікті арттыру» сияқты игі істер атқарып жүр.

blank

Аталмыш іс-шарада: «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Арқалық қалалық филиалының төрағасы Түбекбай Әубәкіров, Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жастар Ресурстық орталығы директоры, «Жастар Рухы» ЖҚ Арқалық қалалық филиалының жетекшісі Данияр Қожахметов, Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Нағыз Көшбасшылар Одағы» еріктілер ұйымының мүшесі, жастар көшбасшысы Әйгерім Жолаушыбаевалар сөз сөйлеп, жастарды шақырды.

blank blank Іс – шара аясында қаланың жоғары және кәсіптік оқу орындарынан жиналған ерікті жастар көктемгі су тасқынының қарсаңында қала іргесіндегі кенттерде қоныстанған зейнеткерлерге зор қолғабыс жасап, алғыс- баталарын алып, аулаларын қардан тазартып берді.

blank blank blank blank blank blank blank

 

 

 

 

 Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

 

                                                                                       Арқалық қаласы