Кеше, 11 маусымда Қостанай ауданы Тобыл қаласының әкімі болып Захар Комаров сайланды.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 19 174 дауыс беруші енгізілген. Дегенмен олардың 10 580-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 179, «Барлығына қарсымын» белгісін таңдағандар – 1 032 адам.
«Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны мынадай: Комаров З.К. – 7 504, Рыкунов Д.А. – 802, Тупкало О.В. – 1 063. Сайлау нәтижесі бойынша, Тобыл қаласының әкімі болып Комаров Захар Константинович сайланды. Ол 1988 жылы туған. Бұған дейін Тобыл қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен. Захар Комаров сайлауда кандидат ретінде өзін-өзі ұсынды», – делінген әкімдік сайтында жарияланған Қостанай аудандық сайлау комиссиясының хабарламасында.