Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қойылар сұрақтың көп екені даусыз. Әсіресе, аймақ үшін өзекті тақырыпқа айналған жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек жайын айтпай кету мүмкін емес. Осы орайда басқарма басшысы Гүлнар Әбеновамен сұхбаттасқан болатынбыз.
– Гүлнар Таубайқызы, Жұмыс орындарын субсидиялау бағытында қандай жұмыстар атқарылуда? Тұрғындар арасында ауыл-аймақты аралап, түсіндіру жұмыстары қалай жүріп жатыр?
– Халықты жұмыспен қамту шаралары Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында іске асырылады. Ол – бос жұмыс орындарына, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру. Жұмыс берушілер мәлімдеген қажеттілік бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру шаралары қабылдануда. Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытуды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға қолдау көрсетіледі. Тек халықтың әлеуметтік осал топтарына (мүгедектігі бар адамдарға, атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алушыларға және т.б.) 40 АЕК дейінгі мөлшерде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған өтеусіз гранттар алу мүмкіндігі беріледі.Сондай-ақ, биылдан бастап жастарға бизнесті дамытуға көмек көрсету мақсатында 5 млн теңгеге дейінгі сомада жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беру көзделген. Жалпы, биыл кемінде 42 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
Соңғы деректер бойынша 14 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 12 мың адам тұрақты және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындары бойынша жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, қысқа мерзімді кәсіптік ұйымдас-
тырылды, оның ішінде 1423 адам электрондық еңбек биржасы арқылы, 889 адам (гранттар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту, кредиттер) кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға көмек берілді. Субсидияланатын жұмыс орындары уақытша екенін ескере отырып, жұмыспен қамту органдары субсидияланатын орындар аяқталғаннан кейін қатысушыларды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру шаралары қабылдануда. Өткен жылы субсидияланатын жұмыс орындарын аяқтағандардың 55%-дан астамы тұрақты жұмысқа орналасты.
– «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» туралы бағдарламалардың орындалуы қалай?
– Жастарды жұмыспен қамтуға көп көңіл бөлінді. Жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары іске асырылуда. Таратып айтар болсам, жастар практикасы – түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуге, алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ оқу орындарының түлектеріне кәсіби дағдыларды сіңіруге, жұмыс берушілерді жас маманды жұмысқа қабылдауға қызықтырудың бір тетігі. Бұл шара жұмыс берушіге болашақ қызметкердің еңбек дағдыларын бағалауға, ал жас қызметкерге осы немесе басқа кәсіпорында жұмысқа орналасу үшін мол мүмкіндік. Жастар практикасына қатысушының еңбекақысы – 30 АЕК, оқу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
– Оқырмандарға таратып айтып өтсеңіз…
– «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жұмыс тәжірибесі жоқ жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың жұмыс орнына бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған. Жобаға қатысу мерзімі – 18 айдан аспайды, қатысушының еңбекақысы – кемінде 30 АЕК.
Биыл жастар практикасына 652 адамды, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 266 адамды жіберу жоспарланған. Жобаларды іске асыру белгіленген жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес жүргізіледі. Тәжірибе көрсеткендей, негізінен түлектерді осы жобаларға жұмысқа орналастыру олардың оқу орындарын бітіргені туралы диплом алғаннан кейін маусым-шілде айларында басталады.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін алмастыру шартымен тұрақты жұмысқа орналастыру. Қатысушының еңбекақысы – 30 АЕК. Мәселен, Қарабалық ауданынан келген Ақжан Тәжібаева «Ұрпақтар келісім-шарты» жобасы бойынша әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеп, зейнетке шыққаннан кейін тұрақты жұмыс орнында қалды. «Күміс жас» жобасы егде жастағы адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған. Биыл бұл жобаны іске асыру шарттары едәуір кеңейтілді. Егер бұрын жобаға зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар қатыса алса және жұмыс берушіге субсидия мөлшері жалақының 50% берілетін. Биылдан бастап аталған жобаға 50 жастан асқан азаматтар қатыса алады, іске асыру мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, жұмыс берушілерге субсидия мөлшері де ұлғайтылды: жобаға қатысушы алғашқы жылы жұмыс беруші жалақы мөлшерінің 70% алады, бірақ 30 АЕК (103 500 теңге) аспайды, екінші жылы – 65%, бірақ 30 АЕК аспайды, үшінші жылы – жалақы мөлшерінің 60%, бірақ 30 АЕК аспайды.
«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссызды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына орналастыру керек. Мәселен, қала тұрғыны Т.Беков екі жыл бойы жұмысқа тұра алмады. «Күміс жас» жобасының арқасында 2023 жылдың қаңтарда күзетші ретінде «Азат» ЖШС жұмысқа орналасты.
– Гүлнар Таубайқызы, жұмыс күші артық өңірлер тұрғындарын солтүстікке көшіру жобасы өзін-өзі ақтады ма?
– 2017 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта біздің облысқа республиканың жұмыс күші артық өңірлерінен 4029 қоныс аударушы қоныс аударды. Барлық еңбекке қабілетті қоныс аударушылар жұмыспен қамтылды. Көшуге, жалға алуға, тұрғын үйді сатып алуға субсидиялар төленді. Өткен жылы 808 адамға квотаға бөлінді. Осы жылы «Күшті өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына 680 адамды енгізу жоспарда.
Қазіргі уақытта қоныс аударуды қабылдаудың өңірлік квотасына 465 адам енді. Қоныс аударушылардың отбасымен әлеуметтік келісім-шарттар жасалды, көшуге 70 АЕК (241500 теңге) мөлшерінде отбасының басшысы мен әрбір мүшесіне, он екі айға 15-30 АЕК мөлшерінде тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) материалдық көмек төленеді, сондай-ақ, үй сатып алуға тұрғын үй сертификаттары беріледі.
Еңбекке қабілетті қоныс аударушылар: медицина қызметкерлері (дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер), мұғалімдер, менеджерлер, кассирлер, сатушылар, токарьлар, слесарлар, механизаторлар, машинист көмекшілері, аспаздар, электр дәнекерлеушілер, монтажшылар, жүргізушілер және тағы да басқа мамандықтар бойынша жұмысқа тұрды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Біздің басқарма сайтында жан-жақты ақпарат жарияланған. Ай сайын мемлекеттік және ресми тілде сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі жаңартылып, өңірдің әрбір ауданы мен қаласы бойынша ақпараттық паспорттар, қоныстандыру карталары, портфолио беріліп тұрады.
– Әңгімеңізге рақмет!