Арқалық «Аналар кеңесі» өткен жылды қорытындылады

Арқалық «Аналар кеңесі» өткен жылды қорытындылады

Кеңесте алғысөз сөйлеген қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Сұлтанбеков «Аналар кеңесінің» өте маңызды ұйым екенін алға тартты.

«Мемлекеттік саясаттың бір бағыты — ұлттық дәстүрді, отбасылық құндылықтарды насихаттау. Ұлттық құндылықтарды жастардың санасына сіңіру», – деді Азамат Маратұлы.

Өткен жылдың есебінде Арқалық қаласы бойынша АХАТ бөлімінде 51 жас отбасы некеге тұрса, жыл ішінде осынша отбасы неке заңын бұзып, ажырасқан. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесіне жіті көңіл бөліп, тәрбиелік жұмыстарды одан сайын арттыруға тура келеді.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Биыл бұл жұмыстарды жетілдіру үшін қалалық Жастар ресурстық орталығына отбасылық құндылықтармен нақты айналысатын арнайы маман жұмысқа қабылданып отыр.

2015 жылы Арқалық қалалық ардагерлер ұйымы жанынан «Ана дария» мектебі ашылды. Кешікпей бұл мектеп ҚХА Қостанай облыстық кеңесінің шешімімен Арқалық қалалық аналар кеңесі болып құрылды.

blank

«Кеңес құрамына өмірлік тәжірибесі мол, түрлі абыройлы қызмет атқарған, ұл-қыз өсіріп, немере сүйіп тәрбиелеп отырған, жастарға айтары бар, оларды отбасылық құндылықтарға сусындата алатын ардақты аналар қабылданды», – дейді қалалық Аналар кеңесінің басшысы Бақытжамал Қалтаева.

Бүгінде аталған ұйым туралы айтқанда алғашқы құрылған жылдардан бастап қоғам жұмысын адалдықпен, жастар тәрбиесі және отбасылық құндылықтарын салт – дәстүр мен әдет – ғұрыптарды насихаттауда кеңес басшысы, Арқалық қаласының құрметті азаматы Бақытжамал Аяғанқызымен бірге атқарып келе жатқан Күләйхан қажы Сабыржанқызының, белгілі кәсіпкер, меценат Тамара Жәкенқызының есімдері құрметпен аталады.

2025 жылы Аналар кеңесі «Ұлағат мектебін» құрып, жас ұрпақты тәрбиелеуге бірталай толымды үлес қосқан. Бұл жөнінде жылдық есеп берген кеңес төрағасы Бақытжамал Қалтаева кеңінен тоқталып, баяндап берді. Қаланың барлық мектептері мен колледждерінде тақырыптық, тәрбиелік іс – шаралар жүргізген. Аналар кеңесінің мүшелерінен құралған «Асыл әжелер» вокалдық ансамблі (жетекшісі Гүлнұр Баяхметова) Наурыз мерекесінде қаланың бас алаңында халық әні «Беу, айдай» әнімен көпшілікке кеңінен танылды. Аналар ұлттық мәзірге толы дастархан жайып, жергілікті телеарна «Арқа дидары» арқылы қалың қауым көрермендерге жол тартты.

Өткен жылы ҚХА — ның «Салауатты сана» жобасын іске асыру жөніндегі Аналар кеңесінің облыстық семинарында Аналар кеңесінің жетекшілеріне «Салауатты сана» жобасының мақсаты мен міндеттері, идеологиялық құндылықтары, жастарға тәрбиесі, ұстаздарға, ата – аналарға жалпы халыққа жеткізу және салауатты сана қалыптастыруға бағытталған іс – шаралар ұйымдастыру жүктелген. Бүгінгі таңда осы алға қойылған міндеттер тәрбие жұмыстарының негізіне алынған.

Жарыссөзде сөз алған зиялы қауым өкілдері, ардақты аналар, құқық қорғау органдарының өкілдері, мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Аналар кеңесінің жұмысын қанағаттанарлық деп қабылдайтындықтарын жеткізді.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                              Арқалық қаласы