Қостанайда Тәуелсіздік құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті

Қостанайда Тәуелсіздік құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті

Қостанайдағы Жайлаубай ата мешітінде ел тәуелсіздігі жолында құрбан болған боздақтарды еске алуға арналған тағылымды іс-шара өтті. Жиынға өңірдің зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мешіт жамағаты мен жас буын өкілдері қатысты.

Тәуелсіздік үшін жанын қиған ұлт батырларына Құран бағышталып, дұға оқылды. Жиналған жұрт ел тағдыры, егемендік жолындағы күрес, ұрпақ санасындағы елдік рухты сақтау туралы пікірлерін ортаға салды.

Белгілі ақындар Серікбай Оспанов пен Ақылбек Шаяхмет елге, ерлікке, азаттыққа арналған жүрекжарды жырларын оқып, көпшіліктің көңілін тебірентті. Өлең жолдары арқылы ұлттың кешегісі мен бүгінгісін жалғайтын рухани көпір орнады.

blank Студенттер де жырдан шашу шашып, азаттықтың оңай келмегенін сезіндірді.

blank

Бұл – ел жадын жаңғыртып, тарихты қадірлеуге, рухани сабақ алуға бағытталған тағылымды кездесулердің бірі болды.

Жиналған қауым мұндай рухани шаралардың жас буынға берер тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.