2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғанын білеміз. Осыған орай Қарабалықта ішкі саясат бөлімінің бастамасымен абыроймен еңбек етіп жүрген жұмысшы маман иелеріне құрмет көрсетілді.
Аудан әкімінің орынбасары Әлия Сейітова жыл қорытындысын баяндап, жиналғандарды құттықтап өтті.

«Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен жұмысшы мамандықтар жылы жарияланды. Бұл мәртебе еңбек адамының маңыздылығын, оның адалдығын, жауапкершілігін және еліміздің дамуына қосқан зор үлесін ерекше атап өтуге мүмкіндік берді. Бүгін біз табандылықтың, шеберліктің және күнделікті жұмыстың бағасын білетіндердің барлығына үлкен ризашылық білдіреміз. Қарабалық ауданы әрқашан еңбекқор, адал және кәсіби адамдарымен танымал болған өңір», – деді аудан әкімінің орынбасары.
Сондай еңбекқор тұлғалардың бірі Владимир Денисов. 2017 жылдан бастап Қарабалық ауданының газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің жерасты құбырларын ретке келтіріп жүрген бесаспап слесарь.
«Қызмет барысында түрлі қиындыққа толы күндерді бастан кешірдік. Сегіз жыл бойы осы жұмысты атқарып келемін. Міндетіміз жерасты, жер үсті газ тарату құбырларын дайындау. Мен олардың құрылыстарын қауіпсіз және апатсыз пайдалануды қамтамасыз ете отырамын», – дейді ол.
Өзін білікті де жауапты, техникалық сауатты қызметкер ретінде көрсете білген маман мақтауға лайық деп танылды.
Жиырма жылға жуық еңбек өтілі бар Шадықсай ауылының сорғы станциясының машинисі Эдуард Белаец те марапатталады.
Өзін тәртіпті атқарушы, жауапты қызметкер ретінде көрсетіп жүрген ол өзінің лауазымдық міндеттерін адал орындайды. Сорғы жабдықтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді, Агрегаттардың техникалық жағдайын бақылап, профилактикалық тексерулер жүргізеді және анықталған ақаулар туралы уақтылы хабарлап отырады.
«Жылу» коммунальдық мекемесінің дәнекерлеушісі Андрей Снисарьдың да еңбегі атап өтуге тұрарлық.
«Арасында газ-электр слесарь лауазымында да жұмыс істей беремін. Газ және электр доғалық дәнекерлеумен айналысамыз. Біздің жұмыстың ерекшілігі осындай. Кәсібім бөлек екен деп екен деп қарап отырмаймыз», – дейді ол.
Оның өз саласында терең кәсіби білімі бар, жабдықты сауатты пайдаланады. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтайды.
«Слесарьдің кәсібилігі мен адал еңбегі бөлімшенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және орындалатын жұмыстардың сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосады», – деген ұстанымда.
Марапатталғандардың арасында нәзік жанды қыз-келіншектер де болды.

Солардың бірі «Алмаз» фирмасының кеспешісі Гүлмира Өмірзаққызы Махмутова. Ол өндіріс орнының озық маманы ретінде 2018 жылдан бастап қызмет етіп келе жатыр.
Рмалды Бексарықызы болса, Максим Горький атындағы жалпы білім беретін мектептің еден жуушысы. 2010 жылдан бастап бекітілген кабинеттермен, рекреацияларда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді. Жұмысына аса мұқият, уақтылы орындайды. Айрықша ерекшелігі бойындағы жоғары жауапкершілігі. Ұжымда Рмалды Бексарықызы қайырымдылықтың, байсалдылықтың және жауаптылықтың арқасында құрметке ие. Осы тұста облыстық жарыстардан жүлде алған кәсіптік білім беретін ұжымдар да марапаттан құр қалған жоқ.
Мәселен, Мария Петрова агротехникалық колледжінің 3-курс студенті. Ол кондитерлік іс құзыреттілігі бойынша 2025 жылғы облыстық өңірлік чемпионатта бірінші орын, World skills 2025 республикалық байқауының кәсіби шеберлігі медалімен марапатталған. Оның шебер тәлімгері Оксана Деряга мастер скиллс байқауында бірінші орын алған.
Виктория Звонарева мен ұстазы Михаил Овчаров та біраз жетістікке жетіп келеді. Жуырда ғана «Жыл шебері 2025» облыстық байқауы 3 — орын алды.
Қарабалық ауданы
