Өңір басшысы Әсия Беркенова мен Айбек Қалиевке темір тұлпар мінгізді

Өңір басшысы Әсия Беркенова мен Айбек Қалиевке темір тұлпар мінгізді

Халық ақыны Әсия Беркенованың мерейтойына арналып өткізілген республикалық айтыс қорытындысы тамаша оқиғамен түйінделді.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов ұлт өнерінің мерекесіне арнайы қатысып, Әсия Әйіпқызын мерейтойымен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді.

«Халық ақыны Әсия апамыздың өмірі айтыс өнерімен тығыз байланысты. 40 жылдан астам уақыт сахна төрінде туған жеріміздің намысын қорғады. Қайраткерімізді жұртшылықтың, жерлестеріміздің атынан мың да бір алғысымды айтамын. Біз сізбен мақтанамыз, сізді қадір тұтамыз. Сіздің облысымызға сіңірген еңбегіңіз аз емес, апа. Әрдайым жарқырап, жайнап жүре беріңіз!» — деп тілегін жеткізді өңір басшысы.

Бұдан соң ол Әсия Әйіпқызына таяуда ғана іске қосылған КІА зауытының алғашқы өнімдерінің бірі — «КІА Sportage» маркалы автокөліктің кілтін табыс етті.blankblankСондай-ақ жақында республикалық айтыс аламанында топ жарып, «Алтын домбыра» иеленген Алаштың алтын айдарлы ұлы Айбек Қалиевке де ыстық ықыласын білдірді. blankТобыл-Торғайдың абыройын асқақтатқан Ақтаңгер ақынға «КІА Serato» көлігін мінгізді.blank blankblankАйта кетейік, бұл темір тұлпарлардың қос ақынға бұйыруына жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігі себепші болды.blankblankblankblankblankТолығырақ — газеттің алдағы санында.

Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев