Денисов ауданында «Қостанай таңы» газетінің директор-бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы оқырмандармен арнайы кездесу өткізді.
Жергілікті кітапхана, тілдерді оқыту орталығы, музей қызметкерлері өңірлік басылымның бастамалары мен жазылу науқанына ерекше қызығушылық танытып, пікір алмасты.

Кездесуде «Қостанай таңы» қоғамдық-саяси газетінің жұмысы мен алдағы жоспарлары баяндалды.
Биылғы «Баспасөз — 2026» жазылу науқаны аясында тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жеңілдіктер мен акциялар туралы айтылды. Сонымен қатар мәдениет қызметкерлерімен бірлесе отырып, тың жобаларды жүзеге асыру жайы сөз болды.
«Әр өңірдің тарихын музейлермен бірлесе отырып зерттеп, газет бетінде, әлеуметтік желі арқылы жариялау — алдағы маңызды жоспарымыз. Бұл бастама өңірдің рухани тамырын тереңірек тануға жол ашады», — деді Кенжеш Оразғалиқызы.
Кітапхана мен музей ішінде шағын экскурсия ұйымдастырылып, жергілікті руханият ордаларының тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік туды.
Ерекше атап өтер жайт, кітапханашы Маргарита есімді қызметкердің қазақ тіліне жетіктігі барынша тәнті етті.

Төрт жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ол ұлы Абайдың өлеңін мәнерлеп оқып, кездесуге көрік қосты.
Бұл кездесу — өңірлік мәдениет пен баспасөздің өзара байланысын нығайтатын, жаңа идеяларға жол ашатын маңызды бастамаға айналды. «Қостанай таңы» газетінің рухани серігі болуға әрдайым дайын екендігі тағы бір мәрте дәлелденді.
Құрметті оқырмандар, «Қостанай таңы» газетіне 2026 жылға жазылу науқаны басталды!

Газетке «Қазпошта», «Евразия Пресс А» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады. Сонымен қатар, Kaspi.kz қосымшасы арқылы да оңай әрі жылдам жазылуға мүмкіндік бар. Ол үшін төменде көрсетілген QR-кодты сканерлеңіз.
Жазылу бағасы жеке жазылушыларға 12 айға – 13 000 теңге, 6 айға – 6 500 теңге.
ҰОС ардагерлері, зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы отбасылар, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” иегерлері және “Батыр ана” атағы бар аналар үшін жеңілдік бар. 12 айға – 9 000 теңге, 6 айға – 4 500 теңге. Кәсіпорындар мен мекемелерге 12 айға – 20 000 теңге, 6 айға – 10 000 теңге.
Мұғалімдер мен түрлі сала қызметкерлеріне арнайы акция қарастырылған.
Егер газетке жазылсаңыз, өз мамандығыңыз туралы 300 шаршы см тегін мақала жариялап, қызметіңізді көпшілікке таныстыра аласыз.
Мақала жариялау үшін мәтінді kostanaytany@mail.ru поштасына жіберсеңіз жеткілікті.
Толғандырған сұрақтар бойынша
54-33-22, WhatsApp арқылы 8 (771) 213-72-02 нөміріне хабарласыңыздар.
Оқырманмен берік байланыс – сенімді ақпарат көзі.
