Рудный қаласы бойынша жол жөндеу жұмыстарына төрт миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

Рудный қаласы бойынша жол жөндеу жұмыстарына төрт миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

Ол туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов қала тұрғындарымен кездесуінде айтты.  Өңірдегі жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталып, алдағы жоспармен халықты таныстырып өтті.

«Рудный қаласы бойынша 4,5 млрд теңге жол құрылысына бөлінді. Егер 2023 жылмен салыстырар болсақ екі есе көп. Облыс бойынша 103 млрд теңге бөлдік. Рудный қаласында бұл бағытта көп жұмыс атқарылғанын көріп отырмыз», – деді Құмар Ақсақалов.

Қалада қырықтан аса көшеге жөнеду жұмыстары жүргізілген. Ал қала мен ауылдық елді мекендерде 30 мың шаршы  метр жол төсемі жаңартылған.

blank

«Қалада республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері 60 сенбілік өткізіліп, 40 мыңнан астам тұрғын қатысты. 22 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, 17 рұқсатсыз қоқыс орны жойылды. Сонымен қатар 20 мың ағаш, жеті мың шаршы метр гүлзар, сегіз мың шаршы метр көгал отырғызылды», – деді Виктор Ионенко.

blank

Қалада жылу және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Осы жылы ол алты шақырымнан аса жылу құбыры мен он бес шақырым су құбыры және үш шақырымдай кәріз жүйесі жөнделген. Осылайша желілердің тозуы 57,9 пайыздан 52,5 пайызға дейін төмендеген.

«Сондай-ақ, соңғы екі жылда 14 көпқабатты тұрғын үй қайта қалпына келтіріліп, 653 пәтер коммуналдық меншікке сатып алынды. Биыл 19-шағын ауданда 132 пәтерлі жаңа тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр», – деді қала әкімі.

Сералы МЫРЗАБАЙ