26 мамыр сағат 17: 00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы бастау алады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады.
Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және т. б. бар.
Акцияны ұйымдастырушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері.
«Халық заңгері» акциясына 2016-2022 жылдар аралығында 7000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың, шешім қабылдай алатын құзіретке ие, өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 150 мыңнан астам азамат кеңес алды.
Қостанай облысында аталған іс-шара Тәуелсіздік, 118 А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде өтеді.