Қостанайда алғашқы конструктор-көлік тіркелді

Қостанайда алғашқы конструктор-көлік тіркелді

Қостанайда Toyota маркалы автокөлік-конструктор заңдастырылды. Мұндай көліктер қосалқы бөлшек ретінде әкелінеді.

Еркебұлан Әбілқақымов темір тұлпарын өткен жылы сатып алған. Ол автокөліктерді заңдастыруға рұқсат берілгенін білген соң, бірден барлық қажетті құжаттарды жинай бастады.

– Мен барлық қажетті құжаттарды жинап, заңдастыруға өтініш бердім. Ал, бүгін менің көлігім барлық тиісті рәсімдерден өтті және қазақстандық тіреуге қояуға болады деген жауап келді, – деді автокөлік иесі.

Конструктор-автокөліктерді заңдастырудан өткізу процедурасы қарапайым көліктермен бірдей.

– Өтініш беруші бас тартқан жағдайда онлайн-өтінім беруі, процессинг орталығына өтініш беруі, сондай-ақ 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін өткен техникалық паспортты, сақтандыру полисін және техникалық байқаудан өткені туралы диагностикалық картаны қоса беруі қажет. Содан кейін полиция қызметкерлері көлікті барлық базалар бойынша тексереді. Заңдастыру процесі бір-екі күнді алады. Мұндай көлік құралдарын алғашқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесі 200 мың теңгені құрайды. Бүгінгі таңда процессинг орталығына 50-ден астам автокөлік иесі заңдастыруға өтінім берді, – дейді Қостанай облысы ПД ӘПБ бастығының міндетін атқарушы Аслан Балғабаев.

Акция басталғаннан бері Қостанай облысында шетелдік автомобильдерді заңдастыру бойынша барлығы 6 мыңнан астам көлік құралы қазақстандық нөмір алды.

Айта кету керек, бұған дейін елге қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көлік иелері ресми тіркеу құжаттарының жоқтығынан қиындықтарға тап болған еді. Үкімет бұл мәселені шешу үшін азаматтарға конструктор-автокөліктерді заңдастыруға және бастапқы тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті ережелерге өзгерістер енгізді.

 

Жаңалықтармен бөлісу