Олжас Бектенов биылғы 9 айда ішкі тауар айналымы өсіп отырғанын, бұл тұрақты жұмыс орындарына және өнімді сату көлемінің өсуіне кепілдік беретінін атап өтті.
«Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесімен қамту, сондай-ақ электронды сауданы дамыту есебінен ішкі нарықта ашықтықты қамтамасыз ету маңызды», – деп атап өтті Премьер-министр.
Олжас Бектенов Сауда және интеграция министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп атқаруы тиіс бірқатар тапсырма берді:
негізгі тауарлар бойынша міндетті таңбалаудың орындалуына мониторинг жүргізу;
отандық өндірушілер үшін таңбалауды жеңілдету мәселесін пысықтау;
отандық онлайн-алаңдарды қолдай отырып, қадағалау жүйесімен интеграциялауды қоса алғанда,
электронды сауданы дамытуға бағытталған ынталандыру шараларын әзірлеу.
