Ауыл қарттары құрметтелді

Ауыл қарттары құрметтелді

Арқалық қаласына қарасты Үштөбе ауылында Қарттар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, үлкен кісілерге арналып ақ дастархан жайылды.

Қариялардың көңілін көтеруге қаладан арнайы шақырылған өнерпаз жігіттер ән шашуын шашса, дастархан басында ауылдың қазыналы қариялары Құлсейіт қажы, Айтмағамбет молда, Байжан ақсақалдар тағлымы мол әңгімелер айтып, жас ұрпаққа батасын берді.

Қарттар мерекесімен тұспа-тұс келген 70 жас мерейтой иелері,ауыл тұрғындары,еңбек ардагерлері Валентина Васильевна мен Аминат Агакеримовналардың иықтарына шапан жабылып, құттықтау папкалары табысталып құрмет көрсетілді.

blank blank blank blank blank

Іс-шара соңы ыстық лебіз,құттықтау тілек,ән-жырмен айшықталған мерекелік кешке ұласты.

«Қарттар өмірдің ыстық-суығын өткерген,ұрпақтарын қатарға қосып өсіріп жеткізген аяулы жандар. Өмірлік бай тәжірибелері,ақыл-кеңестері өскелең буынға қашанда керек,үлгі-өнеге. Елдің тілегін тілейтін,әрбір ізгілікті іске жанашыр болып отыратын ардагерлерімізге зор күш-қуат, бақуатты ғұмыр тілейміз», –дейді Үштөбе ауылының әкімі Айдын Әбілов.

Мұрат Жүнісұлы

                                 Арқалық қаласы