2025 жылғы 1 қыркүйектегі мәліметке сүйенсек, облыста 69 222 шағын және орта бизнес (бұдан әрі — ШОБ) субъектілері жұмыс істеп тұр. Бұл 2024 жылдың деңгейінмен салыстырған 105,9% тең (2024 ж. 1 қыркүйек – 65 379 бір.), оның ішінде 9 568 – шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 148 – орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 53 211 жеке кәсіпкерлер және 6 295 – шаруа қожалықтары.2025 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 164 277 адамға жеткен (2024 ж. 1-тоқсанның қорытындысы – 159 195 адам), оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 50 082 адам, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 25 341 адам, жеке кәсіпкерлікте 77 089 адам, шаруа қожалықтарында 11 765 адам жұмыспен қамтылған (статистикалық деректер есепті кезеңнен кейінгі тоқсанға кешіктіріліп, тоқсандық негізде қалыптастырылады).
ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы номиналды түрде 15,5%-ға ұлғайып, 515 962 млн теңгені құрады (2024 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша — 446 680 млн. теңге), оның ішінде шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 182 230 млн теңге сомасына өнім шығарды, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 133 525 млн теңге, жеке кәсіпкерлер – 199 174 млн теңге, шаруа қожалықтары – 1 033 млн теңге. Бұл ретте өнім шығарудың НКИ 16,2% пайыздық тармаққа ұлғайып 106,4% құрады (2024 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша – 94,7%), өнім шығарудың жалпы қосылған құны 11,1% ұлғайып 321 322,4 млн теңгені құрады (2024 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша – 289 308,3 млн теңге). ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,2% құрайды (2024 жылдың 1-тоқсанның қорытындысы бойынша – 29,7%, төмендеу – 0,5%) (статистикалық деректер есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанға кешігіп тоқсандық негізде қалыптастырылады).
